Алматы облысында екі АЭС-ті салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Astana TV.
Атом саласы жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онда Қазақстанда атом электр станциясын салудың екінші перспективалық алаңы анықталды. Атом электр станциясының келесі орны да Алматы облысының Жамбыл ауданында. Бұл ретте еліміздің оңтүстігінде екінші станция да орналасады, өйткені ол жақта тапшылық бар. Қазір электр энергиясы «Солтүстік-Оңтүстік» транзиттік желісі арқылы қамтамасыз етілген. Жаңа станциялар энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын орнатады, — деді Алмасадам Сәтқалиев Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында.