Алматыда кадеттер арасында (U8–U12) шахматтан Әлем чемпионаты аяқталды.
Тарихи жүлдеге ие болған чемпиондар:
- Алиша Бисалиева (G8, 8 жас) – 9½ ұпай;
- Әдинұр Әділбек (O8, 8 жас) – 9½ ұпай;
- Данис Қуандықұлы (O12, 12 жас) – 9 ұпай.
«Қазақстан құрамасы командалық есепте де үздік болды. Алиша мен Әдинұр соңғы турда тең нәтижемен алтын иеленді. Ал Данис (ӘЧ-2023 чемпионы) тарихи жетістігін қайталап, екі дүркін Әлем чемпионы атанды», - делінген Туризм жəне спорт министрлігінің хабарламасында.
Айта кетейік, жарыс Балуан Шолақ атындағы СКК-де өткен чемпионатқа 88 елден 842 жас шахматшы, оның ішінде Қазақстанның барлық өңірінен 229 ойыншы қатысты.