Алматы облысында үш тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

Алматы облысы Іле ауданындағы Кенен Әзірбаев ауылында үш тұрғын үй мен шаруашылық нысандар өртенді, деп хабарлайды Astana TV.

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, қызыл жалын 448 шаршы метр аумақты қамтыған.

«Өрт туралы ақпарат кеш түскендіктен, тілсіз жау жылдам таралған. Құтқару жұмыстары кезінде екі адамның мәйіті табылды, тағы бір тұрғын күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - делінген ақпаратта.