Мемлекет басшысының қолынан марапатталған ұстаздардың қуанышында шек жоқ. Олар бүгінгі күнді еңбектің еленген сәті деп отыр.
ГҮЛМИРА ШЕРАЛХАН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ
Өмірлік ұстанымымыз осы өскелең ұрпаққа білім беру, тәрбие беру болатын. Бүгінгі сол ұйқысыз түндеріміздің өтеуі болған күн. Бүкіл Қазақстан мұғалімдеріне өте үлкен құрмет жасалып жатыр.
ШЫРЫН ЖҰМАҒАЛИЕВА, «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ:
Ұстаздар мерекесіне қарай бізге үлкен қошемет жасап жатыр. Қошемет болғанда да енді сөзбен жеткізу өте қиын. Біз ойламадық ол кісінің қолынан сондай марапат алу мынадай медаль алу үлкен ең жоғары марапат.