Жетісу облысындағы Ақсу қант зауыты бүгін қант қызылшасын қабылдау маусымын бастады. Бұл – ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындар үшін маңызды науқан. Биыл өңірдегі 94 шаруашылық 2400 гектар жерге өнім еккен.
Бұл қант зауыты жергілікті шаруалардан ғана емес, Сарқан және Алакөл аудандарының қожалықтары әкелген тәтті түбірді қабылдап жатыр. Бір күнде шамамен үш мың тоннаға жуық өнім өткізіледі.
САМАТ НӘДІРБАЕВ, «АҚСУ ҚАНТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
Қазіргі таңда зауытта 300 адамға жуық жұмыс істейді. 7-і күні зауытты қосқаннан кейін 550 адам жұмыс істейді. Қант қызылшасы өңделіп, содан ақ қант шығарамыз біз. Өңдеу жұмысы қылшаның көлеміне байланысты. Мысалы 300 мың тонна болса, где-то 120 күн жұмыс істейдіі зауыт.
Қант қызылшасын жинау жұмыстарына 21 комбайн жұмылдырылған. Ал қылша дақылдарын 50 камаз жүк көлігі тасымалдайды. Одан бөлек, қосымша жұмыстар атқаратын 150 трактор бар.
ҒАЗИЗ ЕСЖАНОВ, АҚСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі таңда бізде аудан әкімінің тарапымен бірігіп штаб құрылған. Ол штабқа 3 ауданның өкілдері қатысады. Қандай да бір шаруа қожалығымен не болмаса мына қант зауытының арасында бір түсінбеушілік жағдайлар болса проблемалар туындап жатса сол штабта мәселені шешеміз.
Зауыт биыл үш жүз мың тоннаға тарта қант қызылшасын сұрыптап өңдеуді жоспарлап отыр. Бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және азық-түлік қауіпсіздігіне айтарлықтай маңызды болмақ.