Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әйелдер мен балаларға жасалған зорлық пен адам өлтіру қылмысы үшін өлім жазасын енгізуді қарастыратын заң жобасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Astana TV.
Мұндай шешімге Ыстықкөлде 17 жастағы Айсұлу есімді жасөспірім қыздың айуандықпен өлтірілуі себеп болды. Бойжеткен 27 қыркүйекте жоғалып, екі күннен кейін оның денесі Жел-Арық ауылы маңынан табылған. Күдікті ретінде 41 жастағы Бішкек тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында ол қызды ұрлап, зорлап, кейін өлтіргенін мойындады.
Алдымен мәйітті Ыстықкөлге көмген, кейін қайта қазып алып, Боом шатқалына апарып тастаған. Бұл іс Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жеке бақылауына алынды.