Егемендік туралы декларация - ел азаттығының бастауы

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2025

Егемендік туралы декларация-ел азаттығының бастауы. Бұл -қазақ халқының жаңа дәуірге бет алғанын, тәуелсіз мемлекеттің алғашқы қадамын айқындаған күн. Декларация республика аумағына толық билік жүргізуді, табиғи байлықтың халыққа тиесілігін және дербес саясат ұстану құқығын бекітті. Осылайша, 1990 жылғы 25 қазан еліміздің егемендік жолындағы алғашқы жарқын белесі ретінде тарихта қалды. Құжат 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңына тікелей жол ашты.

ҮМБЕТХАН СӘРСЕМБИН, ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Декларация өте сауатты жазылған және осы декларацияда хабарланған шешімдердің барлығы біздің осыдан кейінгі жаңадан тәуелсіздігімізді нығайтуда. Мемлекет өзінің стратегиялық саясатын, ұстанымын қалыптастыруда. Үлкен тарихи шешім болды деп біз толықтай айта аламыз.