Ғарыштық зерттеулердегі жаңа қадам: «SANA-1» алғашқы әйелдер экипажы

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2025

Елімізде алғаш рет әйелдерге арналған "SANA - 1" ғарыш эксперименті басталды. Қазақстан болашақ ғарыштық миссияларға арналған технологияларды сынақтан өткізуде. Халық қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетовтың бастамасымен қолға алынған жоба бүгін ресми түрде іске қосылды. Төрт зерттеуші 10 күн бойы  арнайы модульде, яғни ғарыш кемесінің жердегі үлгісінде болады. Эксперименттің нақты тапсырмаларын орындап, зерттеу жүргізеді.

АЛИНА ГУТОРЕВА, ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз бұл ғылыми тәжірибеде, жер үстіндегі капсула арқылы қатысушылардың ғарыш жағдайындағы денсаулығын зерттейміз. Әр қатысушыға берілген тапсырмалар негізінде, олардың психологиялық күйзеліс деңгейі мен команда мүшелерінің бір біріне деген қарым қатынасын, сондай-ақ әйелдердің ғарышты зерттеу және техникалық, ғылыми бағыттардағы жұмыстарға қатысуын қолдауды жүзеге асырамыз.