«Таза Qazaqstan» экологиялық road-эстафетасының 2-күні аяқталды

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған 1200 шақырымдық «Таза Qazaqstan» экологиялық road-эстафетасының 2-ші күні аяқталды. Алматы облысынан бастау алған шара Тараз қаласында жалғасуда. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша, 30 тоннаға жуық қоқыс жиналып, полигонға төгілді.  Тазалық жұмыстарынан бөлек, тоқтаған әр ауданда қоғамдық қабылдау мен чемпиондық рух жобалары өткізілуде. Еріктілер ауа-райының қолайсыздығына қарамастан тазалық жұмыстарын белсенді атқаруда.

АҚЕРКЕ ИСКАНДЕРОВА, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін ROAD эстафетасының екінші күнінде Жамбыл облысында қар жауып жатыр. Бірақ соған қарамастан белсенділер жұмысты тоқтатып жатқан жоқ. Барлық қауіпсіз шаралары сақталған. Бізде топ топпен ауыстырып, бір адам көп көлемде жұмыс жасамай топтарды ауыстырып, солай тазалау жұмыстарын жүргіземіз.