ІІМ Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдарын тексеруі мүмкін

Қос жұлдыздың ұлдары "Қайрат" пен "Реал" ойынына билеттерді қымбатқа сатпақ болған, деп хабарлайды Astana TV.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов әншілердің ұлы бірнеше билетті қымбатқа сатпақ болғанын енді естігенін айтты.

"Біз тексеру жүргізуге дайынбыз, ол үшін бізге арыз түсуі керек. Соған қарай міндетті түрде тексеріс жүргізіп, процесуалдық шешім қабылдаймыз", – деді Әділов.