АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Бруно қаласында жол ережесін бұзған таксиді полиция тоқтатты. Бірақ көлік Waymo фирмасының өздігінен жүретін жүргізушісіз таксиі болып шықты, деп хабарлайды Oxu.Az.
Құқық қорғау органдары әлеуметтік желіде таратқан хабарламаға сәйкес, рейд барысында полицейлер мас жүргізушілерді тексеріп жатқанда, такси бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткен. Бұл үшін айыппұл салу керек, бірақ заңнамада «роботтарға» немесе жүргізушісіз таксилерге айыппұл салу тәртібі жоқ болғандықтан, хаттама толтырылмады.
Полиция Waymo-ға ереже бұзу туралы ресми түрде хабарлады және болашақта мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін көліктер қайта бағдарламаланады деп үміттенетінін айтты.
Компания оқиғаға жауап ретінде оның автономды жүргізу жүйесі жол қозғалысы ережелерін ескере отырып жасалғанын, қауіпсіздікке үлкен көңіл бөлінетінін және бұл жағдайдың терең зерттеліп жатқанын мәлімдеді.
Сарапшылар бұл оқиға жүргізушісіз технологияларды дамытумен қатар құқықтық салада жаңа ережелер мен нормаларды әзірлеу қажеттігін тағы бір рет көрсетті дейді.