Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалығынан қолдан жасалған қару, 4 мылтық, 104 оқ-дәрі және 30 киік мүйізі табылды. Үй иесі қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды,-деп хабарлайды Astana TV.
«Қару» жедел іс-шарасы кезінде өңірде тағы 16 қару мен 164 оқ-дәрі тәркіленді. Оның ішінде аңшы мылтықтары, шолақ мылтық, винтовка және травматикалық қару бар.