Түркістанда тігілген алып сәукеле халықаралық рекордтар кітабына енді

Түркістанда тігілген биіктігі 4,6 метрлік сәукеле Global Book of Records халықаралық кітабына енді. Сәукеле 31 түркі халқының ою-өрнегімен безендіріліп, оған 560 метрлік жамылғы тігілген.

Рекорд мәртебесін Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов жариялады.

Жоба авторы Ақмарал Дауылбаеваның айтуынша, сәукеленің биіктігі 5 метр 20 сантиметр.
 

«Ою-өрнекте бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен ананы құрметтеу мақсатында өмір ағашын бейнеледік», – деді ол.