Енді Қазақстан мен Армения азаматтары екі ел арасында 90 күнге дейін визасыз режимде тұрақтай алады,-деп хабарлайды Astana TV.
Бұл ретте қазақстандықтарда жеке куәлік, ал Армения азаматтарында сәйкестендіру картасы болуы қажет. Сондай-ақ азаматтар барған мемлекеттің құзыретті органдарында 30 күн ішінде тіркелуге де міндеттелмейді.
Екі мемлекет арасында көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім мақұлданды. Келісім тараптар арасында әлеуметтік-экономикалық байланысты нығайтып, азаматтардың екі ел аумағында уақытша тұрақтауына қолайлы жағдай туғызу мақсатын және заңсыз көші-қон қызметіне тосқауыл қоюды көздейді.