Ойын-сауық парктеріне қойылатын талап күшейеді

Аттракциондар көңіл көтеретін емес, қауіп төндіретін алаңға айналды. Жазғы демалыс маусымы басталысымен алаңқайларда жарақат алған бала саны артады. Бұл -жылда қайталанатын жағдай. Биыл да қайғылы оқиға аз болмады. Алматыда аттракционнан құлаған қыз ауыр жарақат алды. Ақтауда екі бірдей бала ауруханаға түсті. Тағы бір сауда орталығында баланың үстіне декоративті құрылым құлаған. Бұл -жай ғана оқыс оқиға емес. Жүйесіздіктің, бақылаусыздықтың салдары. Көп жағдайда қауіпсіздік талаптары ескерілмейді. Тозған ойын алаңдары әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Сенатор Нұрия Ниязова мәселеге нүкте қою керек дейді. Ол ойын-сауық парктеріне қойылатын талапты күшейтуді ұсынды.

НУРИЯ НИЯЗОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Аттракциондарды пайдалану тек іске қосу кезеңінде ғана реттеледі, ал әрі қарайғы қолдану, жөндеу, сақтау, оқыс оқиғаларды тексеру бойынша талаптар жоқ. Сонымен қатар, қызметкерлерді даярлауға қатысты міндетті стандарттар да белгіленбеген. Соның салдарынан балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қатер төнеді.