Педофилдер мен террористер ем қабылдайтын орталықтың жағдайы көңіл көншітпейді

Еліміздегі аса қауіпті қылмыскерлер ем қабылдайтын жалғыз орталықтың жағдайы төбе шашыңды тік тұрғызады. Алматыдан небәрі 35 шақырым жерде орналасқан мекеме 1972 жылы салынған. Сенат депутаты Геннадий Шиповских бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі деп дабыл қағып отыр.  Ғимарат осы уақытқа дейін бірде бір рет  күрделі жөндеу көрмеген. Палаталары тар, пандус жоқ, санитарлық талаптар мүлде сақталмаған. Қоршауының өзі қирауға шақ тұр. Ал мұнда жай адамдар емес каннибалдар, педофилдер, террористік және экстремистік топтардың өкілдері емделіп жатыр. Яғни, қауіпсіздік бірінші орында тұруы керек,-дейді жағдайға алаңдаушылық білдірген депутат .

ГЕННАДИЙ ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Көпшілікке танымал отандық "5:32" фильміндегі кейіпкерлердің прототипі осы мекемеде мәжбүрлі ем алуда. Демек, бұл тек медициналық мәселе емес. Ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін ескерген жөн. Осының барлығы стратегиялық нысанның тұрақты әрі қауіпсіз қызметіне қауіп төндіреді.  Ал ең сорақысы осындай жағдайда біз қоғам үшін қауіпті адамдарды бақылауда ұстап отырмыз.