«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен бастау алған тазалық эстафетасының үшінші күні аяқталды. Road эстафетасына 600-ден астам белсенді қатысып, 90 тоннадан астам қоқыс жинады. Қатысушылар 800 шақырымға жуық жолды еңсеріп, Жамбыл облысынан өтіп, Түркістан өңіріне табан тіреді. Экоактивистер тазалықтың тағылымын танытып, қоқыстың қанша жылдар бойы жойылмайтынын, оны жерге тастамау керек екенін түсіндірді.
ЕРҒАЛИ ӘБУҒАЛИ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жуалы ауданында арнайы 200-ге жуық жаспен бүгін жолығып отырмыз. Арнайы осы республикадан келген біздің экоактивистеріміз қоқыстың қанша жылда жойылатындығы туралы оны тастамау туралы, оны көрсе жерден көтеру туралы жалпы мынау тазалықты дәріптейтін өздерінің сөзін айтып, жастарға үлкен өнеге болып отыр деп есептейміз.