Ұлттық ұланның әскери қызметшілері оралдық қарт майдангер Вениамин Скаленконы мерекемен құттықтады. Өңірдегі көзі тірі 8 соғыс ардагерінің бірі бүгінде 102 жасқа қадам басты. Жеңісті жақындатқан қарт сарбаздың құрметіне Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің оркестрі соғыс кезіндегі әндерді шырқады. Ардагерге естелік сыйлық пен алғыс хат табыс етіп, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Ал Вениамин Скаленко майдандағы естеліктерін әңгімелеп, қандыкөйлек қаруластарын еске алды.
ВЕНИАМИН СКАЛЕНКО, СОҒЫС АРДАГЕРІ:
Өз басым ұландықтарға ризамын. Жылына бірнеше рет үйіме арнайы келіп құттықтайды. Адамға керегі көңіл ғой. Оны жасың ұлғайғасын сезеді екенсің. Осылай қуантқан жігіттерге мың алғыс! Соғыс біздің жастық шағымызды құртып, талай жастың қыршын өмірін жалмады ғой. Ендігі ұрпақ бейбіт күннің бағасын білсе деймін.