Елордада полиция ірі көлемдегі есірткімен екі күдіктіні ұстады

Елордада полиция ірі көлемдегі есірткімен екі күдіктіні ұстады. Е

лордада есірткі қылмысына қарсы 30 күндік іс-шаралар аясында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі есірткімен екі ер адамды ұстады. Полицияның жедел басқару орталығының операторлары гараж маңында екі ер адамның күмәнді әрекетін байқаған. Олар бұталардың арасынан бірдеңе іздеп, кейін Cobalt көлігіне мініп кетпек болған. Ақпарат жедел түрде жақын маңда жүрген патрульдік полиция экипажына берілді. Көлік тоқтатылған кезде ішінде 22 және 23 жастағы екі азамат болған. Жеке тінту барысында полицейлер олардың жанынан ақ ұнтақ тәрізді зат салынған 47 орама, жалпы салмағы шамамен 40 грамм, сондай-ақ марихуана салынған бір орама тапты.