Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында сайыс басталды

Бүгін Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында сайыс басталды.

Бұл бағдарламада тек қазақстандық спортшылар өнер көрсетуде.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Артур Смағұлов 61.57 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті. Одан кейін Никита Козлов - 48.08 ұпай. Үшінші орын Кенан Бердібаевқа бұйырды – 44.20 ұпай.