Бұл туралы Қазақстандағы ДДСҰ елдік кеңсесінің қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларының үйлестірушісі Лаура Өтемісова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында айтты.
Оның сөзінше, мұндай бағдарламалар денсаулықты нығайтуда маңызды рөл атқарады, сонымен қатар академиялық жетістіктерге әсер етеді. Сондай-ақ мектептегі тамақтану әлеуметтік қорғау бағдарламаларын толықтырады.
«Соңғы жаһандық ғылыми деректер мектептегі тамақтану бағдарламаларын дұрыс енгізу арқылы елдер инвестицияны 9 есе артық етіп қайтара алатынын көрсетеді, яғни бес жылдан кейін елге инвестиция түрінде келген әрбір долларға 9 доллардан алуға болады», – деді спикер.
ДДСҰ өкілі қабылданған өзгерістер туралы кеңінен ақпарат таратудың маңыздылығына назар аударды.
«Қоғамда мектептерде дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы көбірек айтылса, нақты мысалдар келтірілген сайын, мұндай өзгерістер тезірек қалыпты жағдайға айналады. Дұрыс стандарттармен, саясатпен және ең бастысы қоғамдастықтың белсенді қатысуымен нақты және тұрақты нәтижеге қол жеткізе аламыз», – деді Лаура Өтемісова.