Мектеп мәзірінің құрамын автоматты түрде есептейтін онлайн-калькулятор әзірленді

Дүниежүзілік семіздік федерациясының болжамына сәйкес, артық салмақ Қазақстанның ЖІӨ-ін жыл сайын 2–2,5%-ға төмендетуі ықтимал. Сондықтан жаңа мектептегі тамақтану стандарты тек балалардың денсаулығына ғана емес, тұтас елдің орнықты болашағына инвестиция ретінде қарастырылады.

Жаңашылдықтар тек мәзірді ғана емес, оны бақылау жүйесін де қамтиды. Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Аққумыс Салханованың айтуынша, алғаш рет цифрлық құралдар енгізіліп отыр.


«Қазақстанда алғаш рет мектеп мәзірінің құрамын автоматты түрде есептейтін онлайн-калькулятор әзірленді. Ол тағамның калориясын, ақуыз, май, көмірсу мен дәрумендер құрамын шығарып береді. Қызмет барлық адамдарға ашық әрі тегін – оны мектептер, ата-аналар, тіпті балалардың өздері де қолдана алады», – деді А. Салханова.