Қазақстанда биыл жиналған егіннің 1 миллион тоннасы экспортқа шығарылды. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19 процент көп. Астық негізінен Орталық Азия елдеріне жіберілген. Әсіресе, Өзбекстанға экспорт көлемі екі есе артты. Сала мамандары биыл күн райының қолайлы болғанын айтады. Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны 80 пайыз тындырылған. Бүгінде екі жарым миллион тонна бидай қамбаға құйылды.
АСХАТ РАМАЗАНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Биыл Қызылжар өңірінде егістік алқаптарынан жиналған бидайдың 270 мың тоннасы экспортқа жіберілді. Биыл бидай сапасы жақсы. Ал гектар берекелігі - 18.5 центнер. Былтыр шамамен 17.7 центнер болды. Бұның барлығы -жылы ауа райы мен жүйелі жұмыстың нәтижесі.