Индонезияда құлаған мектептің астынан 3 оқушының мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2025

Индонезияда құлаған мектеп үйіндісінен үш оқушының мәйіті табылды. 50-ден астам бала әлі де іздестіріліп жатыр дейді билік өкілдері. Оқиға Индонезиядағы Ява аралының шығыс жағында орналасқан ғасырлық тарихы бар «Әл-Хозина» мектеп-интернатында болды. Ғимарат кеңейту жұмыстары кезінде құлаған. Іздеу жұмыстарын жеделдету үшін экскаватор сияқты арнайы техника жұмылдырылған. Ресми ақпарат бойынша, сегіз оқушы қаза тапқан. Шамамен 100 адам  жарақат алған. 55 адам әлі де із-түзсіз.

МОХАММАД СЯФИ, ҰЛТТЫҚ ҚҰТҚАРУ АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ұлттық құтқару агенттігі бас штабтан арнайы топ жіберді, Семаранг пен Джокьякартадан құтқарушылар шақыртып, үйінді астында қалғандарды құтқару үшін арнайы техника жеткізді. Іздестіру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр, үйінді астында қалып қойғандарды аман алып шығу үшін бар күшімізді саламыз.