Республикалық маңызы бар мың шақырым жол қоқыстан тазартылды

”AMANAT” партиясы “Жастар Рухы” жастар қанатының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Road-эстафета Түркістан өңірінде жалғасуда. Республикалық маңызы бар мың шақырым жол тазартылып, төрт күннен бері игі істің ізі жалғасып келеді.  Бұл бастамаға екі мыңнан астам белсендімен бірге елге белгілі спортшылар да үн қосып, ортақ мүдде жолында табандылық танытуда.  «Вандализмге жол жоқ» акциясы аясында тарихи ескерткіштер мен монументтер маңы тазартылып, жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

АРМАН ОСПАНОВ, СПОРТШЫ:

Мына алты ауданның бәрін аралап соның тазалығына қарап, осындай үлкен команда жұмыс істеп, жастарға осы жергілікті билік күшіне оның ішіндегі жаңағы жастарымызға үлгі көрсету мақсатында бізде сол ортаға қосылып жатырмыз.