Бір палаталы парламент: тиімділік пен теңдік

Бір палаталы Парламент - жедел әрі қолжетімді жүйе. Бүгінде әлем елдерінің алпыс пайыздан астамы осы үлгіні таңдаған. Әсіресе, унитарлы мемлекеттер үшін тиімділігі жоғары саналады. Мамандардың айтуынша, басты артықшылық - заң қабылдау үдерісі жеңілдейді. Себебі құжаттар екі палатада қайта-қайта талқыланбайды. Сонымен бірге барлық депутаттың құқы тең, әрі олардың барлығын халық тікелей сайлайды. Бұл өзгеріс парламент жұмысының ашықтығын арттырып, азаматтардың сенімін нығайтады.

ЖАНДОС ШАЙМАРДАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бір палаталы парламент - Қазақстандағы саяси жүйені демократияландырудың жаңа кезеңі. Бұл үлгі қарапайым әрі халыққа түсінікті. Мұндай өзгерістер билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді күшейтіп, шешім қабылдауды тиімді ете түседі.