Ерекше балалардың мүмкіндігі шексіз

Атырауда ерекше балалардың сән көрсетілімі өтті. Оған 5 пен 14 жас аралығындағы Синдром Дауна диагнозы бар балалар қатысты. Көрсетілімде 10 бала сәнді киім үлгілерін көпшілікке таныстырды. Көрермен  подиумға шыққан әрқайсысына қошаметпен қолдау көрсетті.Ұйымдастырушылар күн балаларды  қоғамға әлеуметтендіріп, көру, есту қабілетін,  өзіне сенімін арттыруды мақсат еттік,- дейді. Жоба қоғамда инклюзияны насихаттап, ерекше балаларға шабыт пен қолдау көрсетуге бағытталған.

АЙГҮЛ АРЫСТАНОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Подиумға шығу арқылы осы ерекше балаларымыз өзін-өзі ортаға бейімдейді. Және олардың моторикасына, есту, көру қабілетіне және денсаулыққа пайдалы. Балалар бірінші күнге қарағанда қазір бір-бірін жақсы көріп, құшақтасып көрісіп жатыр. Соның бәрі бала үшін эмоция. Бұл ортаға бейімделудің бастапқы жолы.