Қоғамдық палата Президент реформаларын талқылайтын маңызды алаңға айналуда

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қоғамдық палата мүшелерімен Президенттің бастамаларын жүзеге асыру барысын талқылады. Мәжіліс спикері  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жолдауында айтылған реформалар мен бастамаларды іске асыру аясындағы заң шығару жұмысына ерекше назар аударды.  Бүгінде еліміздегі басты ұлттық басымдықтың бірі – цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу екенін, бұл мәселелерді Президенттің өзі жеке бақылауда ұстайтынын жеткізді.  Жақында ғана депутаттар жасанды интеллект туралы заңды қабылдап, Парламенттік тыңдалым өткізгенін, ал қазір Цифрлық кодекс бойынша белсенді жұмыс жүріп жатқанын еске салды. Цифрлық саладағы барлық реттеу тетіктері бір құжатта қамтылады. Сондықтан Ерлан Қошанов Қоғамдық палатаның алғашқы отырыстының бірін дәл осы мәселеге арнауды ұсынды.  Ол бір палаталы Парламентке көшу бастамасын да маңызды міндет ретінде атап өтті.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір бір палаталы парламентке қатыст қызу талқылаулар жүріп жатыр.Бұл- үлкен пікір таластың басы ғана.Мемлекет басшысы алдағы паралменттік реформаны жан-жақты талқылау міндетін қойғанын жақсы білесіздер. Бұл ретте қоғамдық палатаның осы пікір таластың бастамашасы және ұйымдастырушысы рөлі міндетін атқарғаны дұрыс болады ғой деп мен ойлаймын. Осылайша қоғамдық палата жалпы ұлттық талқылауды тікелей өзі бастап, алдағы реформаны қолдауға тиіс.

Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысының бизнес саласындағы қолданыстағы заңнаманы түгел тексеріп, зерделеу туралы тапсырмасына Қоғамдық палата мүшелерінің назарын аударып, еліміздегі демографиялық үрдістерді тереңірек зерттеуді де  ұсынды. Бұл ретте осы бағыттағы жұмыстың нәтижесінде кәсіпкерлерге арналған заңнамалық базаны жақсартатын нақты ұсыныстар жасалуы қажет екенін атап өтті.