Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Astana TV.
Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиғаның алдын ала себебі - қарсы жолаққа шығу және тұтас сызықпен белгіленген жерден бұрылу.
Полицейлер жүргізушілерге жолда мұқият болуға шақырады.