Алматыда жер сілкінді

Бүгін сағат 17:42-де Алматы қаласында 2 баллдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС мәлімдеді.

Сейсмологтардың дерегінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 209 шақырым жерде орналасқан.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.