Министрлік "Қазақфильм" киностудиясына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық "Қазақфильм" киностудиясына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Astana TV.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық «Қазақфильм» киностудиясының барлық негізгі өндірістік нысандары мемлекет меншігінде қалатынын ресми түрде мәлімдейді. Бұл Рысқұлов даңғылындағы «П» әрпі түрінде жобаланған ғимаратқа да қатысты. Ғимарат әлі де «Қазақфильмнің» меншігінде. Оны сату туралы ресми дерек жоқ, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік әр азаматтың пікір білдіруге құқылы екенін алға тартты.

Бірақ жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына қайшы келеді және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қатаң жауапкершілік қарастырылған. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, оның ішінде Ерлан Төлеутай мырзаның жазбаларында да расталмаған және шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратылуда. Бұл қоғамда мемлекеттік органдарға деген сенімсіздікке әкелуі мүмкін. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз, - деді министрліктен.