Найзағай ойнап, қар жауады

Ертең, 5 қазанда елдің 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Astana TV.

Алматы облысыныңоңтүстігінде күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жетісу облысында 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, ал Талдықорғанда түнде 1-3°С аяз күтіледі.

Жамбыл облысыныңтаулы аудандарында тұман түсіп, желдің күші 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындатүнде көктайғақ, қалың қар мен тұман болжануда.

Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарындашаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Шымкент пен Ақтауда да жел күшейіп, өрт қаупі жоғары болады.

Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарындакүндіз шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с жылдамдыққа жетеді.

Солтүстік Қазақстандада желдің күшеюі күтілсе,Қостанай мен Ұлытау облыстарында өрт қаупі сақталады.

Мамандар тұрғындарға ауа райына байланысты жолда аса мұқият болуды және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.