Қостанайда 15 адам құтқарылды

Фото: ТЖМ

Қостанай қаласы Урицкого көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде өрт шыққан.

Оқиға орнына өрт сөндіру жасағы, жедел-құтқару тобы және ТЖМ апаттық медицина орталығының бригадасы жіберілді. Өрттің 5 қабаттағы пәтердің ас бөлмесінде шыққаны анықталды. Оның салдарынан подъездге қалың түтін тарап кетті.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы 15 адамды эвакуациялады. Қызметкерлердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт шектеулі аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.