Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Габала қаласына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас халықтардың маңызды саяси шарасына қатысу үшін Әзербайжанның Габала қаласына барды. Ертең Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары бас қосатын ХІІ саммитте сөз сөйлейді. Қатысушылар өңірлік ынтымақтастық пен бауырлас халықтар арасындағы байланысты нығайтуға арналған маңызды бастамаларды талқылайды.