100-ден астам педагог «AMANAT» партиясының қатарына өтті

Астанада Есіл ауданының 100-ден астам педагогы «AMANAT» партиясының қатарына қабылданды. Шара аясында «Таза Қазақстан» және «Таза бейсенбі» акцияларына қатысқан бес мектепке 50 түп ағаш табысталды. Есіл ауданында өткізілетін бұл экологиялық бастамалар қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

ДАРМЕНИЯР ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Әр бейсенбі сайын "Таза бейсенбі" өткізіліп жатыр. Ауданымыздың түкпір-түкпірінен арнайы барып, сол арнайы тазалық жұмыстарын өткізеді. Әрине тазалыққа мемлекетіміз зор көңіл аударып жатыр. Сол себептен ол балалардың тәрбиесіне әсер ететін үлкен іс-шара деп санаймыз.