Павлодарда «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында инклюзивті спорт фестивалі өтті. Жарысқа 5-8 сыныптарда оқитын 90 оқушы қатысты. Аянат Масәлімова бұл жарысқа осымен екінші жыл қатарынан қатысып отыр. Жарыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде балалар жылдамдыққа жүгіруден бақ сынайды. Екінші кезеңде түрлі спорттық сайыс бойынша өз өнерлерін көрсетеді. Жеңімпаз атанғандар Астана қаласында өтетін сайысқа жолдама алады.
ӘДИЯ МАСӘЛІМОВА, АТА-АНА:
Ата-ана ретінде өз сіңілімдІ осы жарықа қатыстырудамын. Оның диагнозы ДЦП. Коляскада қолданатын жеке «А» тобында ойнайды.
БАҚТИЯР ТҮСІПОВ, АЙМАҚТЫҚ ОҚУ ТӘЖІРИБЕЛІК, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бұл фестивалдің ең ерекшелігі бір командада 3 бала қатысады. 3 баланың бір баласы ерекше қабілетті болу керек міндетті түрде. Және ір бала өзінің диагнозына сай жарысқа қатысады.