Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында елде медициналық қызметке жалпыға бірдей қолжетімділікті кеңейту шаралары қабылданды, деп хабарлайды Astana TV.
Оның айтуынша, скринингтен өту жасы 76 жасқа дейін ұзартылып, бұл қосымша 300 мың адамды қамтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ онкологиялық тексерулер тегін медициналық көмек пакетіне енгізілді. 2026 жылдан бастап қан айналымы жүйесі аурулары, қант диабеті және вирустық гепатиттерге арналған скрининг те тегін қолжетімді болмақ.
Жаңа заң аясында жергілікті әкімдіктер табысы төмен азаматтардың МӘМС жарналарын өздері төлей алады. Нәтижесінде 2026 жылға қарай тағы 1 миллионға жуық адам медициналық сақтандыру жүйесіне қосылады деп күтілуде.
Бүгінде мемлекет 11 миллионнан астам азамат үшін сақтандыру жарнасын төлейді. Ал алғашқы медициналық көмек жүйесі жаңарып, дәрігер қабылдау уақыты ұзартылып, жедел жәрдем кабинеттері ашылған.