Түркістан облысында мұғалім оқушыға азғындық жасаған

Түркістан облысында оқушыға азғындық жасаған мұғалім 12 жарым  жылға сотталды. Сот дерегінше, Қазығұрт ауданына қарасты орта мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 37 жастағы 5 баланың әкесі  8-сыныпта оқитын қызды қалаға қыдырып қайтамыз деп көлігіне мінгізіп алған. Жолда  тоқтап,  жәбірленушіге күш қолданбай азғындық әрекеттер жасаған. 16 жылдық еңбек өтілі бар мұғалім  жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.Үкім заңды күшіне енген жоқ.