Ақтөбеде дүйім жұртты алдап, қомақты қаржы жымқырған емші сотталды

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2025

Ақтөбеде дүйім жұртты алдап, қомақты қаржы жымқырған емші сотталды. Сот Сұлушаш Қазбаеваны кінәлі деп танып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда сот үкімнің орындалуын екі жыл кейінге қалдырды. Бұл шешім айыпталушының кәмелетке толмаған, мүмкіндігі шектеулі қызы бар болуына байланысты қабылданған. Тергеу материалдарына сәйкес, 51 жастағы емші 136 адамды алдап, оларға түрлі сылтау айтқан. Біріне «мешіт салуға ақша жинап жатырмын» десе, енді біріне «қызымның еміне қажет» деп сендірген. Келтірілген жалпы шығын -579 миллион теңге.  Ол келтірілген залалды өтеуге міндеттелді. Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ. Тараптар 15 күннің ішінде апелляциялық шағым түсіруге құқылы.

ТҰРСЫНХАН САЛИҚОВ, №2 ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қазбаева Сұлушаш Базархановна Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодксі 190-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылсын.Оған осы бап бойынша 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.Жазаны өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесі тағайындалсын.Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 74-бабының 1-бөлігіндегі негізінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындауы 2 жыл мерзімге кейінге қалдырылсын.