Астанада пәтерге тіркеу үшін лимит қойылмақ

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2025

Енді көлденең жүрген көк аттыны үйіріне қосып алатындарға шектеу қойылады. "Резеңке" үй иелеріне қатысты заң күшейтілмек.  Бұдан кейін жалған тіркеу анықталса, тұрғын үйдің иесі де, «тіркеудегі» тұлға да жауапкершілікке тартылады. Жеке тұрғын үйлерге қанша тұрғын тіркеле алады? Лимиттік шектеу туыстарға да жүре ме? Тілшіміз Үсен Астананың материалында.

ҮСЕН АСТАНА, ТІЛШІ:

Астанаға ағылатындардың қатары жылдан жылға көбейіп жатыр.  Елордадағы пәтер иелері бұны пайдаланып, әр шаршы метрге тұрғындарды заңсыз тіркеп, оны табыс көзіне айналдырған.  Жарнама сайттарында, қызметіне ақша сұрап, тірлігіңді теңгеге тындырып беремін дейтіндер өте көп. Біреуіне біз де хабарласып көрдік.

- Алло!

- Алло, сәлеметсіз бе?

-Сәлеметсіз бе? Жарнама бойынша хабарласып тұр едім сізге, пропискаға қоясыз ғой иә?

-Иә

-Қанша уақыт, қанша теңге болады?

-1-2 күн 5 мың, 1-ай 6 мың теңге

-1-2 күн 5 мың, 1-ай 6мың теңге болады дейсіз бе?

 -Иә,иә,иә

-Барлығы заңды ма, жұмысқа кіріп жатыр едім, соған бүкіл жерден шығып тұрады ғой, иә?

-Иә,иә...

Астанаға көшіп келген адамға тіркеуде тұру-міндетті. Жұмысқа орналасуға, балалар мектепке бару үшін керек.  Сондықтан пәтер алмаса да, тіркеуге тұрады. Ол оны біреулер өздеріңіз жаңа көргендей,  бизнеске айналдырып алған. Блтыр полиция 1348 "резеңке" пәтерді анықтады. Онда 36 мыңға жуық адам тіркелген. Ішкі істер органдары тіркеусіз жүрген немесе жалған тіркеуде тұрғаны үшін 200 мыңнан астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

ЖАНДОС ТҰЯҚБАЕВ, ЗАҢГЕР:

Егер де ол азаматтар, яғни тіркелген азаматтар сол мекенжайда тұрмағаны анықталған жағдайда 10 АЕК дейін, және бұл осындай іс әрекет қайталанған жағдайда бұл екі есе еселенеді, яғни 20 АЕК айыппұл қарастырылған.

Әзірге шектеу мәселесі ресми бекітілмеген. Дегенмен, бейресми ұсыныс бойынша, бір адамға 15 шаршы метрден қарастырылуы мүмкін. Бұл шектеулер пәтердің жалпы ауданына, бөлме санына және өзге де факторларға қарай есептеледі.  Қалалық мәслихат депутаты Нұрлан Өтешовтың айтуынша, бұл мәселенің шешімі елорданы агломирациялау.

НҰРЛАН ӨТЕШОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Қазіргі кезде көріп жатқанымыз, ол мына әр ірі қаланың қасындағы агломирация салынуы қажет,мысалы мына бүкіл әлем жүзінде осындай ірі қалалар мына 2-3 млннан асып бара жатқан кезде, жанындағы бүкіл жерде үлкен үлкен серіктес  қалалар салынып жатады.

Жаңа ереже бойынша жақын туыстар – жұбайы, балалары, ата-анасы – үшін ерекше жағдай қарастырылған. Олар тіркеу лимитіне жатпайды. Ал бөгде адамдар үшін шектеулер қолданылады. Қала тұрғындары қоғамдық талқылауға өз ұсыныстарын  жолдай алады. Орынды ұсыныстар ескеріліп, тиісті құжаттарға енгізілуі мүмкін.