«AMANAT» партиялық бақылау комитеті партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасының аралық қорытындыларын шығарды. Қатысушылар жол картасы тармақтарының орындалу барысын талқылап, тұрғындардың игілігіне жарап жатқан жобаларға тоқталды. Жиында Алматы қаласының қарқынды дамып, партияның сайлауалды тұғырнамасы өз жемісін беріп келе жатқаны ерекше атап өтілді. Мәселен, қазір мегаполисте жаңа тұрғын үй кешендері бірінен соң бірі бой көтеріп жатыр. Білім ошақтары мен медициналық мекемелер де халық пайдасына жұмыс істеу үстінде. Оған қоса, тарихи орындарды абаттандыру жоспары жүзеге асырылуда.
ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Партиялық бақылау ешбір жағдайда және ешқашан қалалық биліктің жұмысын алмастыруға бағытталмаған. Әрі ондай міндет тұрған жоқ. Біз әкімшілік пен қала тұрғындарының арасында жедел әрі тиімді кері байланыс құралы ретінде қоғамдық жұмыс атқарамыз.