Көпір опырылып, жеті адам зардап шекті

Фото: pixabay.com

Филиппиннің Кагаян провинциясында орналасқан Пиггатан көпірі опырылып, жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға 6 қазан күні тіркелген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, көпірден бір мезетте салмағы әрқайсысы 50 тонна болатын үш жүк көлігі өткен. Алайда, көпірдің жүк көтергіштігі небәрі 18 тонна болған. Жолдағы ескерту белгілеріне қарамастан, жүргізушілер қауіпсіздік талаптарын сақтамаған.

Нәтижесінде көпір опырылып, көліктер өзенге құлап түскен. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.