«Келешек мектеп» ескі білім ордасының орнын басты. Түркістан облысы Созақ ауданындағы 1962 жылы пайдалануға берілген Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимараты соңғы жылдары апатты деп танылған болатын. Ескі ғимараттың орнына Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа, заманауи оқу ордасы салынды. 900 оқушыға арналған ғимаратта балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасалған. 64 оқу кабинеті, спорт залы, акт залы және асхана толық жабдықталған. Мектептің материалдық-техникалық базасы жаңа деңгейге көтерілді. Бұл жоба өңірдегі балаларға заманауи жағдайда білім алуға, ұстаздарға қолайлы еңбек етуге мүмкіндік беріп отыр, -деді мектеп басшысы.
СЕРҒАЛИ МӘЛІКАЙДАРОВ, Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
Қазіргі таңда мектептерде үйірмелер жұмыс жасап жатыр біршама. Оның робототехника, stem-кабинеттері, домбыра, шахмат үйіірмелері, қолөнер шеберханалары осылар жұмыс жасап, оушылар түрлі үйірмелерге белсенді тартылуда.