Павлодарда Жеңістің 80 жылдығына орай «Ленинград: от пен мұз» кітабы жарық көрді

Павлодарда Жеңістің 80 жылдығына орай «Ленинград: от пен мұз» атты жаңа кітап жарық көрді. Тың туындының авторы белгілі жазушы, сатирик – Ғалымбек Жұматов. Соғыс жайлы роман жазушының әкесі мен ағасы Сағымбай және Нығмет Жұматовтардың қилы тағдырына арналған. Сағымбай Жұматов – Ленинградты қорғау үшін майдан даласына аттанып, жаралы оралады. Ал ағасы Нығмет жаудың шебін бұзу кезінде ерлікпен қаза тапты. Романда айтылған қос кейіпкердің ерлігі, майдандағы жолындағы өмірі шығармаға арқау болған. Бұл туынды жазу үшін жазушы өмір бойы архив деректерін жинап, көз майын тауысыпты. Жаңа кітаптың баспанадан шығуына  «AMANAT» партиясының облыстық филиалы қолдау көрсеткен.

ҒАЛЫМБЕК ЖҰМАТОВ, ЖАЗУШЫ, САТИРИК:

Ұлы отан соғысындағы жеңіс үлкен ауырлықпен, үлкен арпалыспен жетті. Басымыздан өткен қиыншылықты қамтыған үлкен кітап. Бұл кітаптың жазылуы шынында бала кезімізден дейміз бе, көптен бері басымызда жиналған деректердің барлығы жүрген. Шіркін осыны қамтып, жазсақ деген ой болған. Сол ойдың түйіні осы бір деңгейге жетті.