Қызылордада халықаралық талаптарға сай жаңа спорттық нысан — “Қайсар Арена” стадионы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Astana TV.
Жаңа арена 11 мың көрерменге арналған, ал спорт кешенінің жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады. Мұнда бокс, күрес, спорттық гимнастика, таеквондо және ауыр атлетика бойынша жаттығу залдары орналасқан.
Сонымен қатар, нысан ерекше қажеттілігі бар азаматтарға толық бейімделген. Стадион УЕФА-ның 4-санатына сай салынған. Футбол алаңы заманауи жасанды көгалмен жабдықталып, халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.