Бангкок пен Алматы арасында тікелей әуе рейсі ашылады

Фото: pixabay

1 желтоқсаннан бастап Бангкок пен Алматы арасында тікелей әуе бағыты ашылады, деп хабарлайды Astana TV.

Жаңа рейсті Thai AirAsia X әуе компаниясы жүзеге асырады. Туризм басқармасының мәліметінше, бұл бағыт Қазақстан мен Таиланд арасындағы туристік байланысты нығайтып, Оңтүстік-Шығыс Азиядан келетін саяхатшылар үшін Алматыға сапарды айтарлықтай жеңілдетеді.

– Бұл қадам Алматы қаласының Орталық Азиядағы ірі туристік орталық ретіндегі беделін арттыруға ықпал етеді. Thai AirAsia X компаниясының басшылығымен ынтымақтастықты дамыту мақсатында Алматыда арнайы кездесу өтті, – делінген басқарма хабарламасында.