Абай облысында бұланның кесірінен жүк көлігі жанып кетті

фото: Sputnik Қазақстан

Бесқарағай ауданында «Омбы–Майқапшағай» тас жолында ірі жол апаты болды.

«Toyota Corolla» көлігі орманнан кенеттен шыққан бұланды қағып, соның салдарынан қатар келе жатқан жүк көлігі апатқа ұшырамау үшін жолдан жалтара бұрылып, аударылып, артынша өртеніп кетті.

Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Ал жеңіл көлік те жарамсыз күйге түскен, жүргізушісі аман қалған.