"Арзан бағада үй, көлік алып беремін": ШҚО-да полиция таныстарын алдап соққан күдіктіні анықтады

POLISIA.KZ

Өскемен тұрғыны полиция "бірлескен бизнес" ашу сылтауымен танысының миллион теңгеден астам ақша алып, айтқан уәдесінде тұрмағанын айтып, шағымданған, – деп хабарлайды Astana TV.

Анықталғандай, күдікті таныстарын "мол табыс" әкелетін кәсіпке ақша салуға үгіттеген. Біріне арзан бағада көлік алып беремін десе, екіншісіне қарызды сыйақысымен қайтарамын немесе пәтер сатып алуға көмектесемін деп жалған уәде берген. Осылайша, тұрғындарды алдап, ірі көлемдегі қаражатты қалтасына басқан.
Оның қылмыстық әрекеті жалпы сомасы 41 миллион теңгеден асатын шығын келтірген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас өзге де алаяқтық фактілеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.