Ресейде құс тұмауына қарсы вакцина шығарылды. H9n2 типті құс тұмауы адамдарға да қауіпті. Препарат Ресейде тараған вирустардың штамдары негізінде жасалған,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Вакцина құс фабрикаларында да, жеке шаруашылықтарда да аурудың алдын алуға арналған. Клиникалық сынақтар аяқталып, екпе ресми тіркелді. Құс тұмауының А вирусы үй құстарын ұстайтын адамдарға жұғуы мүмкін. Ауру көбіне жеңіл түрде көрінеді, бірақ пневомнияға әкеліп соқтырады.
Отандық препараттарды шығаруға ден қойдық. Шикізаттың барлығы өзіміздікі. Әзірге вакцина тек Ресейді қамтамасыз етуге жеткілікті. Алдағы уақытта бұл салада Үндістан және Қытаймен әріптестік орнату жоспарда бар,-вирусолог-дәрігер Станислав Золотовский.