Халықты ағзалық донорлық бойынша хабардар ету жұмыстары жүргізілуде

ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы директорының міндетін атқарушы Назгүл Жангелдинаның айтуынша, түрлі форумдар, конференциялар ұйымдастырылады. Сондай-ақ трансплант координатордың алғашқы конференциясы өткізілді. Оған Түркия, Беларусь, Испания, Португалия ғалымдары қатысып, дәріс берді. Сондай-ақ «Асыл қадам» аллеясы ашылды.
 

«Аллея донорлыққа келісім берген азаматтарға ескерткіш ретінде ашылды», – деді спикер дөңгелек үстел барысында.


Сонымен қатар, елімізде Еуропалық ағзалар донорлығы күні атап өтіледі.